RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

28.11.2025, 20:39 414

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырды. Банк бұл шешімді инфляцияны тежеу үшін қабылдады. Сондай-ақ қаржы ұйымы алдағы уақытта ақша-несие саясаты қатаң сақталатынын атап өтті. 

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдыратын болды. Бұл шешімді Орталық банк басшысы Тимур Сүлейменов инфляцияны тежеу үшін қабылданды деп түсіндірді. Қазан айында коммуналдық қызмет тарифтері төмендеп, инфляция біршама бәсеңдегенімен базалық инфляциядан айтарлықтай өзгеріс байқалмаған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы:

- Экономикада инфляциялық қысым сақталуда. Ол сұраныстың кеңеюіне және оның қарқынын отандық ұсыныс мүмкіндіктерінен жоғары сақталуына байланысты. Азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы өсуін жалғастырды. Қысқамерзімді инфляциялық күтулер өсіп, құбылмалы болып қалуда.

Ұлттық Банк төрағасы инфляцияны кәдімгідей төмендету үшін қатаң ақша-несие саясатын әлі де біраз уақыт сақтау керек деп санайды. Егер инфляция тұрақты түрде баяулап жатқанын көрсететін айқын дәлелдер байқалмаса, реттеуші ақша-несие талаптарын одан әрі күшейтуі мүмкін.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары:

- Бүгін біз базалық ставканы өзгеріссіз қалдырдық. Біздің бірлескен шараларымыз жемісін беріп отыр. Нәтижесінде инфляция сәл баяулады. Бұл – жақсы жаңалық. Алайда ол әлі де аса жоғары. Біздің мақсатымыз – инфляцияны бес процентке дейін төмендету. Сондықтан қатаң саясатты ұстана береміз. Себебі инфляцияны төмендету – бүгінгі таңда басты міндет.

Базалық мөлшерлеме келер жылғы жартыжылдықтың соңына дейін түспеуі де мүмкін. Себебі Ұлттық банк оны төмендетуге әзірге мүмкіндік көрмей отыр. 

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Диас Қобланбаев, Дмитрий Димитриев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz