Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қазір жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар 90% тозып тұр. Бүгінде ұзындығы 4 шақырым инженерлік желі тартылып, трансформаторлық қосалқы станциялар мен тарату құрылғылары салынды. 4 резервуар қолданысқа беріліп, сорғы жабдығы жаңартылды. Резервтен бөлінген қаражат арқасында кешен келесі жылы іске қосылады. Былтыр облыстағы қалаларды ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,4%-ке, ауылдарда 98%-ке жетті. Бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізу үшін биыл республикалық бюджеттен 105,7 млрд теңге қарастырылған. Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 229 жобаны жүзеге асыруға қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.
Тегтер #үкімет #Жезқазған #су мәселесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz