RU
Толық нұсқаға өту

Елімізден қой мен сиыр етінің экспорты артты

05.12.2025, 21:55 463

Биыл жыл басынан бері елде ет өндіру көлемі 2,8 пайызға өсіп, 914 мың тоннаға жетті.

Сүт өндірісі 5,2 пайызға артып, 3 млн 300 тонна болды. Осылайша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі шамамен 3 трлн теңгеден асты. Өсім 3 жарым пайыз. Өндірілетін азық-түлік ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, бірқатар бағытта экспорттауға да мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ауыл шаруашылығының вице-министрі Аманғали Бердалин айтты.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Он айда сиыр етінің экспорты 1,6 есе өсіп, 30,4 мың тоннаны құрады. Қой етінің экспорты 1,8 есе артып, 25 мың тоннаға жетті. Сиыр мен қой еті экспорты бойынша Қазақстанның әлемдік көшбасшыларының біріне айналуына барлық мүмкіндік бар. 2025 жылдан бастап 28 мың бас жылқы экспорты басталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz