RU
Толық нұсқаға өту

«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 860 мың адам көрді

10.12.2025, 17:09 465

«Қарызсыз қоғам» жобасы тұрмысы тұралап, шаруасы шатқаяқтаған азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді құралына айналды.

Биылдың өзінде 860 мыңға жуық адам осы бағдарламаға көмегіне жүгінген. Бұл туралы AMANAT партиясындағы жобаның қорытынды жиынында айтылды. Бастаманың қолға алынғанына 3 жылға жуықтады. Осы аралықта азаматтарға кешенді көмек көрсетудің тұтас экожүйесі құрылған. Мұнымен қоса партия базасында республикалық колл-орталық іске қосылған. Күн сайын 180 заңгер 5 мыңға жуық өтініш қабылдайды. Осының арқасында мыңдаған қазақстандық отбасыға қолдау шаралары көрсетілген. Ал биылдан бастап ауылдық жерлерде мобильді топтар құрылды. 

Ерлан Қошанов, "Amanat" партиясының төрағасы: 

- Бүгінде «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы қандай даму жолынан өткенін көріп отырмыз. Ол шағын ғана партиялық бастамадан ауқымды мемлекеттік бағдарламаға айналды. Президенттің, халықтың қолдауына ие болды. Бұл жоба – түрлі жағдайға тап болған адамдарға көрсетілген нақты көмек. Өйткені шешімін тапқан әр мәселенің артында мыңдаған адамның тағдыры тұр. Ең бастысы, азаматтардың үміті оянып, сенімі нығаюда. Жоба сонысымен құнды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz