RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 40 пайызға артты

11.12.2025, 16:18 240

Каспий аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде Қазақстан Иранмен ықпалдастықты нығайтуға мүдделі. Иран президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген Мемлекет басшысы осылай деді. 33 жыл ішінде екі ел арасында берік саяси және экономикалық байланыс қалыптасқан. Үкіметаралық комиссия, парламентаралық қарым-қатынас және 50-ден астам келісім екі ел ынтымақтастығын күшейтіп келеді. 

Биыл Иран Қазақстан экономикасына 17,8 млн доллар инвестиция салған. Екі ел кәсіпкерлері азық-түлік және өңдеу өндірісіндегі жобаларды іске асырып жатыр. Масуд Пезешкиан Қазақстанмен тарихи байланыс терең екенін, сауда-саттықты 3 млрд долларға жеткізуге ниетті екенін де жеткізді. Биыл тауар айналымы 40%-ға өскен. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Иранға 200 млн доллар көлемінде тауар тасымалдауға дайын екенін мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өзара тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Дегенмен сауда-саттықты әртараптандыру мәселесін ойластыру керек. Әсіресе ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс, медицина және озық технологиялар салаларындағы қарым-қатынасты жандандыру қажет. Бүгін қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық алыс-берісті дамытуға тың серпін береді деп сенемін.

Масуд Пезешкиан, Иран президенті:

- Қазақстанмен арадағы тауар айналымы 40 пайызға артты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұдан бұрын өзара сауда-саттықты 3 миллиард долларға дейін жеткізуге уағдаласқан едік. Осы келісімді жүзеге асыруға күш сала береміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында жасалған еркін сауда келісімі екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге берік негіз қалайды.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz