RU
Толық нұсқаға өту

Ел экономикасындағы ШОБ үлесі 40%-ға жуықтады

15.12.2025, 11:34 267

Елде әр бесінші қазақстандық шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп жатыр.

Ел экономикасындағы ШОБ үлесі 40%-ға жуықтады. Кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөілігі микро- және шағын компаниялар. Олар 4,4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп. 

Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін арнайы тізіім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметін 222 мыңға жуық адам пайдаланған.

Қазір бизнеске қойылатын барлық талаптар цифрландырылып жатыр. Ірі кәсіпорындар шағын және орта бизнеспен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді.  Жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды.

Биыл "Өрлеу" жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 1700-ден астам жобаға 482 миллиард теңге құйылып, екі кепілдік қоры құрылды. 

1) ШОБ үлесі экономикада - 40%

Орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі - 7,9%

Микро және шағын компаниялар - 99,9%

Жұмыспен қамтылғандар саны - 4,4 млн адам

2) Қолдау құралдары - 117

Вaqylauda.qoldau.kz - 222 мың адам пайдаланған

3) Міндетті талаптар тізілімі: 

- Біліктілік талаптары қайта қаралады

- Рұқсат беру процедуралары оңтайландырылады

- Ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді

- Арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды

4) "Өрлеу" бағдарламасы:

1 700 жоба - ₸482 млрд

Кепілдік қорлары: 2 қор

АСТАНА

Динара Таженова, ҚР ҰЭМ  кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау  және қорғау департаменті директорының орынбасары:

- Ағымдағы жылы Даму қорының базасында екі кепілдік қоры құрылды. Шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды және ірі инвестициялық жобаларға арналған кепілдік қоры. Екінші кепілдік қоры бойынша 7 млрд теңгеден. Бүгінгі таңда бірінші кепілдік қоры шеңберінде 410 млрд теңге сомасында 2320 жобаға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ екінші кепілдік қоры шеңберінде 7,1 млрд сомасында бір жоба қолдау тапты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz