RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында зауыт салынады

16.12.2025, 20:46 330

Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады.

Тиісті келісім жасалды. Құжатқа бір тараптан өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, екінші тараптан испаниялық Roca Group компаниясының еншілес кәсіпорыны – «РОКА Қазақстан» ЖШС бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойды. Жоба Мемлекет басшысының өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар тарту және импортты алмастыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін локализациялауды арттыру бойынша қойған міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылып отыр. Зауыт керамикалық санитарлық өнімдерді, жуынатын бөлмелерге арналған жиһазды және өзге де бұйымдарды өндіруге және құрастыруға маманданады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың бірінші тоқсанында басталады деп жоспарланған. Айта кету керек, инвестициялар туралы келісім жасасу жоспары Премьер-министр Олжас Бектенов пен Roca Group Директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Роктың осы жылдың маусым айындағы кездесуі барысында талқыланған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz