RU
Толық нұсқаға өту

Табысы көптер салықты көбірек төлейтін болады

22.12.2025, 19:09 298

Табысы көптер енді салықты да көбірек төлейді.

Қазір жеке табыс салығына бірыңғай 10 пайыздық мөлшерлеме қолданылса, келер жылдан бастап прогрессивті шкала енгізіледі. Соған сәйкес жеке тұлғаның жылдық табысына қарай 10 және 15 пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Демек, азаматтың жылдық жалпы табысы 36 миллион теңгеден асса, төлейтін салығы жоғарылатылған 15 пайыз деңгейінде болады. Бірнеше табыс көзі бар азаматтар белгіленген шектен аспауын өздері қадағалауы тиіс. Декларация тапсырғаннан кейін табыс мөлшері шекті сомадан асып кетсе, жеке тұлға қосымша тағы 5 пайыз көлемінде салық төлеуге міндеттеледі. Жаңа салық кодексінде жеңілдетілген режимге байланысты да өзгеріс бар.

Ерқанат Шыңберген, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:

- Бірталай өзгерістер енгізді жаңа салық кодексі аясында. Оның ішінде оңайтылған режим. Осы бағыттағы негізгі өзгерістерді түсіндіру. Бүгінгі таңда арнаулы салық режимі, яғни жеңілдетілген декларация негізіндегі режим. Оның шектеулі кіріс сомасы 48 мың АЕК жылына, жаңа салық кодексі аясында оның шектеулі сомасы 600 мың АЕК-ке дейін өседі. Яғни ол 2 жарым миллиард теңге.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz