RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысына ₸750 млрд инвестиция тартылды

22.12.2025, 22:25 306

Ақмола облысы биыл инвестиция тартудан көш бастап тұр.

Жыл басынан өңір экономикасына  750 миллиардтан астам қаржы құйылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Жаңа инвестициялық жобалар 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазір өңірде  6 индустриалдық аймақ бойынша 100-ге жуық жоба қолға алынған. Соның бірі облыс орталығында салынып жатқан мына кірпіш зауыты. Өндіріс ошағы жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған. Зауыт іске қосылса 170 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жалғас Сағындық, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Зауыттың құрылысы осы жылдың шілде айында басталды. Тәмамдауымыз алдағы 2026 жылдың қазан айы деп жоспарлап отырмыз. Шикізаттың барлығы зауытқа қолданылып жатқан барлығы Қазақстанның өнімі. 

Инвестициялық жобалардың басым бөлігі елорда төңірегіндегі аудандар да жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, бір ғана Аршалы ауданында жалпы құны 1 трлн теңге болатын алты жоба қолға алынған.

Ернар Жаркешов, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл жобалар елорданың қасында Астанамызға деген маятниктік көші-қонды азайтады және Ақмола облысы елордамыздың тек қана азық-түлік белдеуі ғана емес, өнеркәсіп белбеуіне айналып жатыр. Ең басты мақсат әрине облыс халқын сапалы жұмыспен қамту. Екінші бюджетке салық төлемдерін көбейту. Үшінші терең өңдеуді, өнеркәсіпті әрі қарай дамыту. 

Бұдан бөлек биыл өңір экономикасына 200 млн доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш аймақтағы бизнес ахуалдың жақсарып келе жатқанының айқын дәлелі. 

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz