RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда өнеркәсіп паркі салынады

08.01.2026, 15:00 268

Сингапурлық XINFA GROUP компаниясы Павлодар облысында өнеркәсіп паркін салады. Онда көмір, боксит, мыс, флюорит және әктас шикізаты терең өңделеді.

Паркте Алюминий және мыс өндіретін металлургия зауытын салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру, сода, көміртекті материалдарды шығаратын кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда. Инвестиция көлемі шамамен 15 млрд долларға бағаланды. Болашақ индустриялық парктің ауданы 3 мың гектардан асады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр XINFA GROUP басшылығымен кездесіп, өнеркәсіптік парк құрылысын талқылады. Чжао Тинъюн бастаманың әлеуетін оң бағалады. Ал Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытына сүйене отырып, өнеркәсіптік жаңғыртуды, стратегиялық инвестицияларды тартуды және технологиялық индустрияны дамытуды мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары ретінде қарастыратынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жобаны одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауға, индустриялық әріптестікті кеңейтуге және ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік расталды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz