Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономика саласының сарапшыларымен кездесті.
Жиында экономикалық даму, инфляцияға қарсы күрес, отандық өндірісті ұлғайту тақырыбы қаузалды. Сондай-ақ жасанды интеллектіні дамыту үшін электр энергиясын өндіру, инвестиция тарту жайы да талқыланды. Сарапшылар жаһандық мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Премьер-министр орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен халықтың әл-ауқатын арттыру әрқашан басым міндет болып қала беретінін атап өтті. Ол үшін Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңызы зор деді. Олжас Бектенов жиын соңында жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Тегтер #Таңдаулы #ел экономикасы #24KZ #Олжас БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz