Елдің жалпы ішкі өнімі былтыр 6,5%-ға жетіп, жоғары өсім көрсетті. Экономикалық көрсеткіштер көлік, құрылыс және сауда салаларында артқан.
Ал өнеркәсіп өндірісінің индексі 7,4%-ды құрады. Өңдеу секторы болса, 6,4% деңгейіндегі өсімді көрсетті. Азық-түлік өндірісі 8%-ға, мұнай өнімдерін өңдеу 6%ға ұлғайды. Сонымен қатар химия өнеркәсібінің өнімдері -10, металлургия - 1,2, машина жасау саласындағы өнімділік 13%-ға артты. Жалпы ішкі өнімнің өсімі Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарында тіркелген. Сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.
Тегтер #ЖІӨ #өсім #өнеркәсіп өндірісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz