RU
Толық нұсқаға өту

Шымкент шұлығы шетелге экспортталады

13.01.2026, 21:05 276

Шымкентте шығатын шұлыққа шетелден сұраныс көп. Арнайы экономикалық аймақтағы тоқыма фабрикасы жылына 50 миллион шұлық шығарады. 

Өнімнің 90% Ресей мен Беларусь еліне экспортталады. Кәсіпкер алдағы уақытта Италиямен келісімшарт жасауды жоспарлап отыр. Ал елдегі еркін сауда айналымына сырттан келетін арзан, сапасыз тауарлар кедергі болып тұр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Данабек Исабек пен Нұрсұлтан Байтілесовтің жергілікті кәсіпкерлермен кездесуінде айтылды. Жиынға қатысушылар көлеңкелі экономикамен күресті күшейтіп, кедендік бақылау жүйесін жетілдіруді сұрады. Депутаттар осы мақсатта жан-жақты зерделеу жүргізіп, салалық министрліктерге сауал жолдайтынын жеткізді.

Данабек Исабек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Экспортерларға сақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз де солай жасай аламыз деп жатыр бұл кісілер. Ертең барғаннан кейін осы мәселені көтеретін боламыз. Қара нарықтан қалай кіріп жатыр!? Бұның белгісін тексеру керек дейді. Оны тиісті органдарға біз сауал жасаймыз. Тексеріп жатыр ма дегендей.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz