Елде олигополия субъектілерінен заңсыз иемденген 1,3 триллион теңгеден астам қаражат өндіріп алынды.
Оның ішінде бір триллион теңгеден астамы мемлекет кірісіне түсті. Бұл деректерді Президент жуырда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жалпы сомасы 482 миллиард теңгені құрайтын 434 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысы аяқталды. Олардың қатарында сумен жабдықтау, медицина, білім беру, спорт және инфрақұрылым нысандары, атап айтқанда, Павлодар, Арқалық және Балқаш қалаларындағы әуежайларды қайта жаңғырту бар. Сонымен қатар көптеген актив иелері ел экономикасына инвестиция салуға дайын екенін білдірген. Президент олармен жалпы сомасы бес триллион теңгеден асатын келісім жасалғанын жеткізді. Бұл қаражат туристік, көлік-логистикалық, тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталады. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сондай-ақ әлеуметтік қолдау бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді.
ЗАҢСЫЗ ИЕМДЕНІЛГЕН АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ
₸1,3 трлн – олигополиядан өндірілді
₸1 трлн – мемлекет кірісіне түсті
2-слайд
АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОР ЕСЕБІНЕН ҚҰРЫЛЫС
Барлығы: 434 нысан
Жалпы құны: ₸482 млрд
227 – сумен жабдықтау
183 – медициналық
11 – білім беру
5 – спорттық
8 – инфрақұрылымдық
оның ішінде Павлодар, Арқалық, Балқаш әуежайлары
Кәсіпкерлерді бірыңғай реестрге тіркеу басталды
Тегтер #заңсыз активтер #қайтару #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz