RU
Толық нұсқаға өту

Еуропада мұнай қымбаттады

15.01.2026, 19:50 237

Еуропада мұнай бағасы күрт қымбаттады. Оған Қазақстаннан жеткізілетін қара алтын экпортының қысқаруы себеп болды.

Bloomberg-тің мәліметінше, WTI Midland маркалы мұнай құны бір күн бұрын базалық бағадан 2 доллар 90 центке қымбат сатылды. Мұндай көрсеткіш кейінгі бір жылда болмаған. Басты себеп – Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталатын CPC Blend маркасының тапшылығы. Қазір шикізат нарыққа кешігіп жеткізіліп жатыр. Жоспарланған 45 партияның кемінде 21-і тоқтатылған. Бұған теңіз терминалы маңындағы қолайсыз ауа райы мен жөндеу жұмыстары, Қара теңіздегі дрон шабуылдары кедергі келтіріп тұр. Сондай-ақ Ливия және Солтүстік теңіздегі кейбір кен орындарынан келетін рейстердің қысқаруы да жағдайды ушықтыра түсті. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz