RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

23.01.2026, 17:00 412

Ұлттық банктің ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде, яғни өзгеріссіз қалдырды.

Бас банкир мұндай шешім қабылдауға негіз болған факторларды атады. Айтуынша, былтыр жылдық инфляция 12,3 пайыз болып, болжамға сәйкес келді. Инфляцияның қалыптасуына азық-түлік компоненті едәуір әсер етіп отыр. Ал коммуналдық қызметтер мен жанармайдың бағасы мемлекет тарапынан қойылған шектеулерге байланысты тұрақты болды. Әлемдік азық-түлік нарығындағы баға әлі жоғары. Соның ішінде дәнді дақыл мен қант едәуір қымбат. Базалық мөлшерлеме биыл алғашқы жартыжылдықта дәл осы деңгейде сақталуы мүмкін. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Инфляциямен күрес жолында нақты нәтижеге жету үшін базалық мөлшерлеме қазіргі деңгейде қалады. Егер инфляцияны төмендетуге орнықты мүмкіндік болмаса, ақша-несие саясатын қатаңдату тәсілі қолданылуы мүмкін. 2026 жылғы басым бағыт – инфляцияны болжамды диапазон шегінде ұстап, оны тұрақты деңгейге жеткізу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz