RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен «ExxonMobil» стратегиялық серіктестікті кеңейтеді

26.01.2026, 13:05 243

Олжас Бектенов Э́ксон Мо́бил ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуде Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы сынды бірлескен жобаларға қатысты бірқатар мәселе қаузалды. Тараптар Каспий құбыр консорциумы төңірегіндегі жағдайға тоқталды. Олар маңызды инфрақұрылымдық нысанның тұрақты жұмыс істеуіне ортақ қызығушылық танытты. Жоспар бойынша Теңіз кенішінде мұнай өндіру 39 млн тоннадан, Қашағанда 18 млн тоннадан асады. Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтілетін энергия ресурстарының жалпы көлемі 70,5 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде қазақстандық мұнай - 63,8 млн тонна. Бұдан бөлек, көмірсутек кен орындарын игеру тиімділігін одан әрі арттыру шаралары қаралды. Геологиялық барлауды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz