RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Салық кодексіне қатысты ұсыныстар қайта қаралады

26.01.2026, 15:33 488

Енді әр апта сайын Үкіметте жаңа салық кодексіне қатысты кәсіпкерлердің талап-тілектері қаралады.

Өткен аптаның өзінде Қаржы және Ұлттық экономика министрлігіне бизнес өкілдері тарапынан 19 мыңнан аса өтініш кеп түскен. Ал мемлекеттік кірістер комитетінің колл-орталығына жолданған шағымдар саны әлдеқайда азайған. Бұрын күніне 5 жарым мыңнан аса өтініш тіркелсе, қазір бұл сан 4 мың 700-ге дейін қысқарды. Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрі:

"Көбісі қандай салықтық редимді таңдау керек, мына электронды шот-фактуралармен рәсімдеу. Ұзақ мерзімді шарттармен қалай жұмыс істеу керек? ҚҚС-тың құны өзгерді 12-ден 16 пайызға дейін. Бірақ ең маңызды мәселе - инфрақұрылымды жүйелеу. Бизнесмендерді оқыту, түсіндіру ол деген ең маңызды мәселе".

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz