RU
Толық нұсқаға өту

2025 жылы Пәкістан елімізден 53 млн долларға мұнай сатып алды

03.02.2026, 07:19 776

Экспорттың басым бөлігі, яғни 93,8 пайызы шикі мұнайға тиесілі.

Былтыр қаңтар-қараша аралығында Пәкістан 53 млн долларға қара алтын сатып алды. Бұдан кейін бұршақ дақылдарының үлесі 2 пайызға таяп, 1 млн доллардан асты. Үштікті зығыр тұқымы түйіндейді. Яғни 871,6 мың доллардың тұқымы Пәкістанға жөнелтілді.

Ал импорттың көп бөлігі картоптың үлесінде 20 пайыздан асады. Былтыр 11 айда Пәкістаннан 9,28 млн доллардың картобын сатып алдық. Бұдан кейін цитрус жемістері оның үлесі 14,3 пайыз және 12,3 пайыздық көрсеткішпен дәрі-дәрмек тауарлары тұр. Сондай-ақ біз Пәкістаннан көбіне киім өнімдерін импорттадық. 

НЕГІЗГІ ЭКСПОРТТЫҚ ТАУАРЛАР

қаңтар-қараша, 2025 жыл

Шикі мұнай – 93,8% – $52,9 млн

Бұршақ дақылдары – 1,9% – $1,08 млн

Зығыр тұқымы – 1,5% – $871,6 мың

НЕГІЗГІ ИМПОРТТЫҚ ТАУАРЛАР

қаңтар-қараша, 2025 жыл

Картоп – 20,7% – $9,28 млн

Цитрус жемістері – 14,3% – $6,43 млн

Дәрі-дәрмек – 12,3% – $5,51 млн

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz