Дәріханалар орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеуге арналған дәрі-дәрмекті сатып алуға құлықсыз.
Себебі жеткізушілер қолданыстағы ереже бойынша қосылған құн салығынан босатылатынына қарамастан 5 және 16 пайыздық ставка қолданады.
Бұл мәселе Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында қаралды. Сондай-ақ қосылған құн салығы есептелген немесе ол қосылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды бекіту мәселесі де талқыланды. Қазір салық төлеуші қосылған құн салығын шекті бағадан тыс есептеуге құқылы. Өйткені ол нақты өткізу бағасы емес, тек жоғарғы шек ретінде белгіленген. Талқылау қорытындысында жауапты органдарға бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешу тапсырылды.
Жәнібек Нұржанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
- Бүгін дәрілік затты импорттау кезіндегі фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның болуы, мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін дәрілерді жеткізу шарты, сондай-ақ тауарды мақсатты пайдалану туралы жеткізушінің міндеттемесі де қаралды. Тіркелген дәрілік затты импорттау кезінде ел аумағында мемлекеттік тіркеу талап етіледі. Тіркелмегендерге Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат құжаты қажет. Бұл ретте нысаналы мақсатты растау Қазақстан аумағында өндіріс үшін пайдаланылатын дәрілік субстанциялар мен балк-өнімдерді импорттау кезінде ғана талап етіледі.
Тегтер #Салық кодексі #фармацевтика #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz