RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Пәкістан кәсіпкерлері 200 млн долларлық келісімдер жасасты

04.02.2026, 23:15 567

Ресми келіссөздердің сыртында Пәкістан мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары бизнес форумда бас қосты.

Қазақстан тарапынан 150-ге жуық, Пәкістан жағынан 180 компания келіссөздер өткізді. Форумға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф қатысты. Ол президентке Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны үшін алғысын білдіріп, ерекше ықыласпен қабыл алғанын атап өтті. Алдағы 2 жылда тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізу үшін Астана да, Исламабад та барын салатынына тоқталды. Қазақстан-Пәкістан бизнес форумының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 200 миллион долларға жуық 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келісімдерде екі елдің қаржы, логистика, өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастығын кеңейту көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел ретінде өңірлік өсімді қамтамасыз етуге және тың мүмкіндіктерге жол ашуға үлкен үлес қосып келеді. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға артып, нәтижесінде ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллар межесінен асты. Ал жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың долларға жетті. Экономикалық стратегиямыз сауда мен инвестицияны әртараптандыруға, инновацияларды ынталандыруға және білімге негізделген даму моделін ілгерілетуге бағытталған. Мен жетекшілік ететін Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстандағы ашықтық, әділдік қағидаттарына және іскерлік климатты ұдайы жақсартуға бейіл.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz