Біздің ел әлемде ең көп алтын сатып алған екінші мемлекет.
Ұлттық банк былтыр бағалы металл қорын 57 тоннаға арттырды. Бұл 1993 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қазір қорда 340 тонна алтын бар. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сулейменов еліміз таза алтын сатып алуды тоқтатпайтынын жеткізді. Кейінгі 3 жылда өндіріс те қарқынды. Мәселен, былтыр 72 тонна толық тазартылған алтын өндірілген. Ал тазартылмаған алтынның көлемі 127 тоннадан асады.
ЕЛДЕГІ ТАЗАРТЫЛҒАН АЛТЫН ӨНДІРІСІ:
2021 - 66,6 тонна
2022 - 73,2 тонна
2023 - 73 тонна
2024 - 74,2 тонна
2025 - 71,2 тонна
Тегтер #Таңдаулы #Ұлттық банк #инфляция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz