Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауыты отандық өндірісті өрістетуге күш салып келеді.
Кеңейтілген кәсіпорын жылына 100 мың дана аккумулятор шығаруға қауқарлы. Жуырда ғана кәсіпкерлерге арналған "Парыз" байқауында топ жарған өндіріс орны биыл да ауқымды оң нәтиже көрсетуге ниетті.
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жылына 3 миллионнан аса қуаттағыш құрылғысы шығарылады. Кәсіпорын толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. Мұнда барлық көлік түрлеріне арналған батареялар өндіріледі. Өнімдері отандық нарықты қоса алғанда ТМД елдерін толық қамтиды.
Талғат Қонақбаев, "Қайнар АКБ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
- Осы "Парыз" номинациясы бойынша ірі кәсіпорын субъектілері санатында үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясында алтын жүлдегері болып атандық. Бұған біз өте қуаныштымыз.
Өткен жылы кәсіпорын басшылығы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 140 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Облыс орталығында бой көтерген үлкен теннис оталығының құрылысына да үлес қосты. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету ісінде де аянып қалмады. Өңір өміріне белсене атсалысқан еңбегін мемлекет басшысы бағалап былтыр республикалық "ПАРЫЗ" байқауында марапаттады. Өндіріс орны "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясы бойынша топ жарды.
Талғат Қонақбаев, "Қайнар АКБ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
- 1200-ден аса адам жұмыс жасайды. Зауытымыздың қуаттылығы 3-3,5 млн дана аккумлятор шығарамыз. Шыққан өнімді 10-нан аса алыс-жақын шетелге жібереміз. Зауыт алдыңғы қатарлы заманауи өндіріс құралдарымен жабдықталған. Өндіріс желілері алдыңғы қатарлы құралдармен автоматтандырылған.
"Парыз" сыйлығы елдегі кәсіпкерлік саласындағы ең жоғары марапат. Өткен жылы байқауда 354 өтінім қабылданыпты. 198 компания "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын"номинациясына үміткер болған.
Тегтер #Талдықорған #аккумулятор #зауыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz