RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет пен жеке серіктестік әлеуеті дұрыс игерілмей отыр

10.02.2026, 15:47 275

Халық табысын өсірудің бірден бір жолы - инвестицияны арттыру.

Бірақ бұл бағытта да жүйелі мәселе барын айтты Президент. Елдегі мемлекет пен жеке серіктестік әлеуеті дұрыс игерілмей отыр. Инфрақұрылымдық жобалардың көбі бюджет қаржысына тәуелді. Жеке капитал, банк секторы және халықаралық қаржы ұйымдары оған айтарлықтай атсалыспайды. Ал бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Президент осылай деп, мұндай тәсіл көптеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөгет болып отырғанын мәлімдеді. Осы ретте аталмыш тетікті оңтайлы пайдаланып, инвестициялық тәуекелді мемлекет пен бизнес арасында тиімді бөлу керегін жеткізді. Бұл механизм өзін-өзі ақтаса, Үкімет оны белсенді қолданғаны жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болса, заңнамаға да тиісті өзгеріс енгізуге болатынын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz