RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда полиэтилен және скотч шығаратын зауыт ашылды

24.02.2026, 15:00 236

Түркістанда полиэтилен қаптама түрлері мен скотч өндіретін зауыт ашылды.

 «TURAN» арнайы экономикалық аймағында «QazEcoPack» компаниясының өндіріс желісі іске қосылды. Бұл жоба облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, отандық өніммен қамту көлемін арттырады, дейді мамандар. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасады.

Зауыт бастапқы және қайта өңделген шикізаттан полиэтилен қаптаманың түрлерін шығарады. Кәсіпорын отандық нарықты сапалы өніммен қамтып, импорт көлемін азайтуға және қайта өңдеу үлесін арттыруға үлес қосады. Зауыттың ашылу рәсімінде өңір басшысы  Нұралхан Көшеров жобаның маңыздылығы туралы айтты.

Нұралхан Көшеров, облыс әкімі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз тапсырмасында экономиканы әртараптандыру бойынша нақты тапсрыма берген болатын. Сол бағытт абіз жұмысты жалғастырып келе жатырмыз. Міне бүгін скотч, пластик бұйымдарын өңдеп, дайын тауар шығарып, халыққа ұсынып отыр. Толықтай автоматтандырылған. Біздің мақсатымыз халыққа, тұрғындарға, жастарға осындай жұмыс орныдарын ашып беру. 

Жоба үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде жылына 1 млн 500 мың дана скотч өндіріледі. Екінші кезең желтоқсан айында жүзеге асып, жылына 350 мың келі стрейч-пленка және 80 мың дана ауа-көпіршікті пленка шығару жоспарланған. Үшінші кезең келесі  жылы іске асырылып, жылына 500 мың келі полиэтилен өнімдері өндіріледі деп күтілуде. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. 

Омархан Сейітхан, оператор:

- Бұл жерде шамамен 20 шақты адам істейміз. Шикізатты шетелден алдырамыз, осы жерде өңдейміз. Металдан жасалған түрлері бар, екі жақты түрлері бар, мөлдір скотчтар бар. Сондай түрлерін шығармыз.

Жобаның жалпы құны – 1 млрд 200 млн теңге. Қазіргі таңда аумағы 1500 шаршы метр өндірістік ғимарат пайдалануға берілді. Алдағы уақытта 5760 шаршы метр аумақта тағы 4 ғимарат салу жоспарланған. Дайын өнімдер Қазақстан мен ТМД елдеріне жеткізіледі.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz