Биыл 550 мыңға жуық жан жұмыспен қамтылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары осылай дейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне мән берсек, біздегі жұмыссыздық деңгейі - 4,6 пайыз. Ресми дерек осындай, дегенмен, шынтуайтында көрсеткіш көңіл көншітпейтіні белгілі. Мұны жауапты министр де мойындады. Күні кеше өткен кеңейтілген кеңесте Асқарбек Ертаев, "Енді жұмысқа орналасу мониторингі тек міндетті зейнетақы жарналары негізінде жүзеге асады. Осылайша формалды есептен құтылып, нақты жұмыспен қамту қарқынын бағамдай аламыз",- деген еді. Әрісін әріптесім Шернияз Жалғасбекұлы айтып береді.
Былтыр жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызға төмендеді. Сонда да жұрт ішінде жұмыссыздық жайы өткір тұр. Еңбек нарығындағы ахуалды тілші шолуында толығырақ айтып беремін.
Елде 9,3 млн адам жұмыспен қамтылған. Оның 7,2 млн-ы жалдамалы қызметкерлер. Бұл жалпы еңбек адамдарының 77 пайызына тең. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,1 млн адамнан асты. Биыл 550 мың адам екі қолға бір күрек таппақ. Былтыр бұл көрсеткіш 936 мыңға жеткен еді. Сөйте тұра, 450 мың жан жұмыс таппай жүр.
Жұмысшылар - 9,3 млн
Жалдамалы жұмысшылар - 7,2 млн
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 2,1 млн
2025 жылы - 936 мың
2026 жылы - 550 мың
Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
- Өңірлік жұмыспен қамту жол каратсы шеңберінде елімізді 936 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде атап өтетін болсақ 259 мыңға жуығы тұрақты бос жұмыс орындарына, сонымен қатар 191 мың адам мемлекеттік субсидияланатын жұмыс орындарына, алғашқы жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі деген секілді бағдарламаларға жұмысқа орналастырылды.
Жұмыс іздеген жұрттың саны бос жұмыс орындарынан төрт есе көп. Былтыр ҺҺ.kz порталына 2,3 млннан астам түйіндеме түскен. Ал жұмыс берушілер 538 мыңнан астам қызмет ұсынған. Екі қолға бір күрек іздеген бұқара ортша айлық ретінде 304 мың теңгені таңдаған. Ал екінші тарап шамамен 250 мың мен 330 мың теңге аралығында деп белгілеген. Айталық, орташа айлық көлемі алып қалаларда жоғары. Мәселен, Астанада мен Алматыда 330 мыңға жуықтайды, ал Қарағандыда 280 мың теңге. Жалақы дегеннен шығады. Ұлттық экономика министрлігінің мамандары орташа жалақы жайлы болжам жасаған еді. Айтуларынша, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 600 мың теңгеден асатын көрінеді. Ал ұсынылған жұмыс орны жаныңызға жақпай, айлық көлемі шайлығыма жетпейді десеңіз, жауаптылар жеке кәсіп бастауды кеңес етеді. бұл үшін мемлекет мезірет етуге де дайын. Әңгіме қайтарымсыз гранттар жайлы.
Астана - ₸327 999
Алматы - ₸324 897
Қарағанды - ₸279 379
Шымкент - ₸277 719
2025 - ₸423 133
2026 - ₸500 890
2027 - ₸554 154
2028 - ₸604 963
Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
- Әлеуметтік осал топтарға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттар беріледі. Аталған гранттың артықшылығы бұл қайтарымсыз. Екіншіден бұл екі бағытта беріледі. Бірінші ол мал шаруашылығына. Екінші тиісті жанағы бизнесті ашу үшін құрал жабдықтарға беріледі. Мұның сомасы 1,7 млн теңгені құрайды.
Қай мамандыққа сұраныс жоғары? Қызық болғанда қазір сату және клиеттерге қызмет көрсету саласының мамандары қат. Спорт клубтары мен сұлулық салондарына да қызметкер ауадай қажет. Сондай-ақ, ІТ секторында да сұраныс сұрапыл. Бірақ мұнда бәсеке де жоғары. Айталық, айти мамандықтар арасында 1 жұмыс орнынна 13 маманнан келеді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 7-8 адамға шақ келетін еді.
Бәсеке индексі:
2025 жылы - 12,9%
2024 жылы - 7,8%
Енді айти сектордағы айлықты айтайық. Мұнда дизайнерлерге сұраныс жоғары. Олардың орташа жалақы көлемі 275 мың теңге. Ал жұмыс берушілер техникалық қолдау мамандарына 220 мың теңге төлеуге дайын. Сұраныс сапындағы үздік үштікті өнім менеджерлері түйіндейді. Оларда орташа еңбекақы 290 мың теңге. Ал саладағы ең жоғары айлықты бизнес-аналитиктер алады, 415 мың теңге.
Дизайнерлер - ₸275 906
Техникалық қолдау мамандары - ₸220 929
Өнім менеджерлері - ₸290 359
Бизнес-аналитиктер - ₸415 157
Тегтер #шолу #еңбек нарығы #ахуал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz