«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» мен «ҚазАгроҚаржы» акцонерлік қоғамы ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыруды ұлғайтты. Биыл ел бойынша бұл салаға 300 миллиард теңге бөлінеді.
Оның ішінде Түркістан облысына 19 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы көктемгі егіс науқанын қаржыландыруға арналған жиында айтылды.
Сауран ауданының тұрғыны Зайниддин Әбдісадықов 10 жылдан бері мақта шаруашылығымен айналысады. 20 гектар жері бар. Одан бөлек, туыстарының да мақта алқабына көмектеседі.
Зайниддин Әбдісадықов, қожалық төрағасы:
- «ҚазАгроҚаржы» арқылы 5 пайызбен жеңілдетілген бағдарламамен жеті жылға 80 Х тракторын алып жатырмын. Мақта егуді жоспарлап отырмын. Өңдеуді бәрін істейді. Культивация жасайды, ертең комбайн қосып, мақта теруге болады. Сол үшін алып отырмын. Өзімнің жерімді, үлгеріп жатсам басқа шаруа қожалықтарға да көмектесіп, істеп беремін.
Жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, шаруаларға жаңа бағдарламаның тиімділігі түсіндірілді. «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев былтыр холдинг қаржылық ұйымдар арқылы 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілгенін айтты.
Нияз Көшкімбаев, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарушы директоры:
- Биыл енді осы техниканы шығаратын зауыттар бағаны көтермесе, онда 15 мыңға дейін техника беретін мақсатымыз бар. Нарықты да қараймыз, егер де сұраныс одан да жоғары болса, оны да қаржыландыруға дайынбыз. Қандай техника керек соның бәрін қаржыландырамыз, тек ауыл шаруашылыққа жататын.
Былтыр «ҚазАгроҚаржы» акцонерлік қоғамы арқылы түркістандық шаруаларды қолдауға 10 млрд теңге бөлінген. Оған 714 техника алынып, лизингке берілді. «Биыл бұл мақсатқа 19 млрд теңге бөлініп отыр. Пайызы да төмен», - дейді мамандар.
Еркебұлан Жумжаев, ««ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Ең басты жеңілдіктері біз фермерлерімізге техника тікелей жылдық мөлшерлемен 5 пайызбен беріледі. Алдыңғы жылы фермерлер техниканы нарықтық 22-24 пайызбен алып, сосын айлар бойы субсидияны күтіп, қиындыққа түсетін. Қазіргі таңда субсидияны күтпейді, мерзімі 7 жылға дейін. Алдын ала төлем 10%. Егер алдын ала төлемі болмаса, біз ол төлемді 1 желтоқсанға дейін қосымша мерзім бере аламыз.
Одан кейін мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері жергілікті фермерлермен кездесті. Жиында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, су үнемдеу технологияларын лизингке беру мәселелерін талқылады. Себебі өңірде суару жүйелерін дамытуға баса назар аударылып отыр.
Жорабек Жолдасбеков, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі таңда бүкіл әлемде су тапшылығы болуына байланысты су үнемдеуге жеңіңлдік субцидиялар қаралған. Сонымен қатар лизингтік компаниялар негізінде ұзақ мерзімге несиелендіру бойынша да жұмыстар атқарылуда. 50% республикадан беріледі, 30% жергілікті бюджеттен беріледі. Сонда 20% шаруалардың еншісінде лизингтік несие есебінде құтылуына қарастырылып отыр.
Былтыр облыста 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілсе, биыл оның көлемі тағы 50 мың гектарға ұлғаймақ.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Тегтер #Аграрлы сала #қаржыландыру #талқаылау #техникаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz