Елде кейінгі бес жылда жеңіл өнеркәсіп саласы тоқыма өндірісі есебінен қарқынды дамып келеді.
Бұл туралы Үкіметте экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында айтылды. Жиынға Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті. Отырыста шикізат базасын ілгерілету, өндірісті жаңғырту және қаржылық қолдау тетіктерін кеңейту сынды тақырыптар қаузалды. Елде былтыр өндіріс көлемі 13,2 пайызға артып, 260 млрд теңгеге жеткен. Жеңіл өнеркәсіптің алпыс пайыздан астамын тоқыма өндірісі құрайды. Қалғаны киім, аяқ киім және былғары бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың үлесінде. Өткен жылы 466 мың тонна мақта жиналды. Үкімет Саланы дамыту мақсатында мақта, тері, синтетикалық талшық өндірістерін кеңейтіп, қосылған құны жоғары тауар шығаруды ұлғайту көзделіп отыр. Бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Тегтер #өндіріс #көлем #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz