RU
Толық нұсқаға өту

Отандық тауарлар шетел нарығына кедергісіз шығады

05.03.2026, 13:30 42

Қазақстандық экспорттаушыларға өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығару процесі жеңілдейді.

Бүгін Сенат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан өтетін тауарлардың шығу тегін айқындауға бағытталған жүйені енгізу туралы келісімін ратификациялады. Құжатта тиісті процедураларды цифрландыру мәселесі де қарастырылған. Енді әрбір тауарға берілетін сертификаттың түпнұсқалығын онлайн тексеруге болады. Мұндай шара құжат ресімдеуді жеделдетеді және қазақстандық тауарлардың шетелдік нарықтарға кедергісіз шығуын қамтамасыз етеді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қаралған заң Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген тауарларды үшінші елдерге әкету кезінде туындайтын реттеу шараларын жетілдіреді. Атап айтқанда, тауарлардың шығарылған жерін айқындау, куәландыру және растау саласында бірыңғай тәсілдерді қолдану қарастырылған. Жалпы бұл заңды мақұлдау Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің тиімділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz