RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі жалпы ішкі өнімнің 40% жуығы іскер әйелдердің үлесіне тиесілі

08.03.2026, 09:29 33

Елдегі ішкі жалпы өнімнің 40 пайызына жуығы іскер әйелдердің үлесінде.

Шағын және орта кәсіпті дөңгелеіп отырғандардың дені нәзік жандылар. Халықтың әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосып келе жатқандары баршылық. Тіпті алпауыт зауыт басқаратын келіншектер де бар. Солардың бірі Астанадағы сыр бояу өндірісінің жетекшісі Гүлмира Баймағамбетова. 

Астанадағы сыр-бояу зауыты аптаның жеті күнінде, 24 сағат бойы үздікссіз өнім өндіреді.  Өндіріс ошағында 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2022 жылы іске қосылған кәсіпорынның тат басудан қорғайтын сыр-бояу өнімдері Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Түркия, Ресей елдеріне жеткізіледі. Қазір еуропалық сападағы өнімді Түрікменстанға экспорттау мәселесі қаралып жатыр.

Медеу Игембаев, цех өндірісінің бастығы:

- Мен бұл зауытта жарты жылға жуық жұмыс істеп жатырмын, біздің бастығымыз әйел адам – Гүлмира Қадыровна. Бұл басшының қарамағында біздің зауыт керемет жетістіктерге жетіп жатыр. Жоспарланған 2026 жылғы пландар өте үлкен. Производственный мощностті үлкейтіп жатырмыз.

Айдар Қадырбаев, қауіпсіздік техникасының инженері:

- Қазіргі заманда өндірісті әйел адамның басқаруы жаңалық емес.  Еңбек жағдайы, ұжым алдына қойылатын міндеттер, жұмыс жоспарында ешбір айырмашылық жоқ. Нәзік жанды әйел ретінде кей кезде икемділік пен жұмсақтық танытуы мүмкін, бірақ нақты жұмысқа келгенде нағыз басшы ретінде алға қойылған мақсаттың орындалуын талап етеді.

Жалпы жоғары сапалы өнім өндіру оңай емес. Алдымен зауытқа арналған жер тауып, құрылыс жобасын қолға алу, ол бой көтергенше жіті бақылау, іске қосылған соң өндіріс жүйесін жолға қою, -міне бұның бәрі орасан зор қажырлықты қажет етеді. Зауыт басшысы Гүлмира Баймағамбетова әр кезеңдегі жауапты істі тыңғылықты атқаруға тырысатынын айтады.  

Гүлмира Баймағамбетова, сыр-бояу зауытының бас директоры:

- Әйелдер ерекше күшке ие, керемет қауым ғой. Мен өзім зауыт басқаратын бірнеше әйелді танимын. Әрине ерлер ұжымын басқару оңай емес, бірақ өндірістік тізбекті дұрыс жолға қойып, еңбектенсең – қолыңнан бәрі де келеді. Мойындаймын, жұмысты да, отбасыны да, жеке өмірді бірге алып жүру қиын. Үнемі іс-сапарда жүресің, нарықты зерттейсің, серіктестер іздейсің. Өйткені жауапкершіліктің жүгі ауыр – отбасын асырап отырған қаншама жұмысшы өзіңе қарап отыр. Оларға тұрақты жалақы төлеп, еңбек жағдайын жасау керек дегендей. Сондықтан үйден гөрі, түзде көбірек жүрем. Ия, қиын. Бірақ қолымнан келетініне қуанамын. 

Елдегі ішкі жалпы өнімнің 40 пайызға жуығы осындай іскер әйелдердің үлесінде. Шағын және орта бизнестің басы-қасында жүргендердің 60 пайыздан астамы – нәзікжандылар. Кәсіпті дөңгелетіп отырған келіншектер қашан да заман ағымына тез ілесіп, бейімделіп кетеді, дейді іскер әйелдердің ұлттық қауымдастығының басшысы, Ләззат Рамазанова. 

Ләззат Рамазанова, "Asmar" Қазақстан кәсіпкер әйелдері ұлттық қауымдастығының басшысы:

- Бүгінгі таңда Қазақстанда  43 пайыз ЖИ тек қана ойын үшін ғана емес кәсіби түрде қолданатын әйел азаматтар екен. Өзінің шағын бизнесіне, өзі басқарып отырған шағын ұжымына. Бұл енді жақсы көрсеткші емес пе? Себебі ертеңгі күні ЖИ бізбегн қатар келе жатқан кезде сенің қызсың ба, ұлсың ба дегенге қарамайды. Ол кезде өзіңнің кәсіби деңгейіне қарайды. Ал бұл жерде ұл-қыз жоқ. 

Ауыл шаруашылығындағы табысты бизнес бастамасы бар келіншектерге қолдауды күшейту қажет. Себебі, олардың табиғи өнімдері ел ішінде ғана емес, шетте де жоғары сұранысқа ие. Бұл ретте тауарларын тиісті сертификаттаудан өткізіп, сатылымын жолға қою үшін кәсіпкер әйелдердің кооперациясын құрған абзал. Іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Ләззат Рамазанова осы бағытта оқыту семинарларының қолға алынғанын айтады. 

Бақыт Топтаева, Әсем Өтешева, Нұрғали Мамурбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz