RU
Толық нұсқаға өту

Салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланды

11.03.2026, 11:33 126

Әлеуметтік төлемдер сомасы, берешек туралы ақпарат және салық төлеушінің жеке тіркеу деректері салық құпиясына жатпайтын мәліметтер қатарына енгізілуі мүмкін.

Тиісті мәселе Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 8-отырысында талқыланды. Құжаттағы өзгерістер салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мен әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге бағытталған. Сонымен қатар мүгедектік тобы бір жыл ішінде өзгерген жағдайда жеке табыс салығы бойынша шегерім қолдану тәртібі өзгереді. Мұндай жағдайда ең жоғары шегерім мөлшерін - 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгілеу көзделіп отыр. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сырттан әкелгенде қосылған құн салығын қолдану тәртібі мен авиациялық жанармай импортына қатысты жеңілдіктерді нақтылау мәселесі қаралып жатыр. Бұдан бөлек энергетикалық сусын экспортын акцизден босату, квазимемлекеттік сектордағы сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізу жайы пысықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz