Бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері қадағалауға міндетті.
Қазынадан қаржы бөлінетін кезде "қанша жұмыс орыны ашылады, жеке инвестиция тартыла ма, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді?" деген сауалдарға нақты жауап берілуі керек. Осылай деген президент жергілікті өңірдегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосу қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғаруды тапсырды. Масылдық ұғымынан біржола арылып, күрішті күрмектен ажырата білу керектігін еске салды. Президенттің айтуынша, жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс.
Тегтер #бюджет қаржысы #депутат #форум #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz