Қазақстан әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылды.
Былтыр елдің жалпы ішкі өнімі 306 миллиард доллар болды. Беделді халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының болжамына сәйкес биыл осы көрсеткіш 320 миллиард доллар болады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз аймақта көш бастап тұр. Шетелден тартылған таза инвестиция көлемі бойынша да Қазақстан Орталық Азия елдеріне қарағанда ширақ. 150 миллиард доллардан астам қаражат тартылды. Алтын-валюта қоры – 74 миллиард долларға, ал жалпы жинақталған қор 139 миллиард долларға жетті. Президент бұл көрсеткішке әлемдегі әскери қақтығыстар мен сауда соғыстарына қарамастан қол жеткеніне тоқталды. Қазіргі экономикалық басымдықтарды атап көрстетті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ондаған жылдар бойы экономикамызда тапшылық, біржақтылық көп болған. әлі күнге дейін осындай келеңсіз үрдіс бар. Қазір ахуал Үкіметтің нақты мақсаттарға сай жұмысының арқасында біртіндеп өзгеріп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз мемлекетіміздің жаңа индустриялық, энергетикалық және инфрақұрылымдық арқауын, яғни каркасын жасауға кірістік. Мысалы, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны екі жыл қатарынан 6 пайыздан асып отыр. Бұл үдеріс аймақтардың мықты экономикалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Былтырдың өзінде еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 190 өндіріс орыны іске қосылды. 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орыны ашылды.
Биылғы болжам да көңіл көншітеді. Үкіметтің құны 1,7 триллион теңге болатын 200 кәсіпорын қызметін бастайды деп отыр. Онда 20 мыңға жуық жұмыс орыны ашылады. Мамандардың пікірінше, Қазақстанның бұрынғы индустриялық қуаты жандана түседі. Өнеркәсіптің мүлде жаңа салалары пайда болады.
Тегтер #Қазақстан #өңдеу өнеркәсібі #24KZ #мәслихат депутаттарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz