2026 жылы «Бәйтерек» холдингі экономиканы қолдауға 8 трлн теңгеге дейін бағыттауды жоспарлап отыр.
Соның ішінде өнеркәсіп пен инфрақұрылым, агросектор, экспортты дамыту және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Бұл туралы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің отырысында айтылды.
Жиында Директорлар кеңесі 202 6 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 300 млрд теңгеге дейін облигациялар шығаруды мақұлдады.
Сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасының лизингін 150 млрд теңгеге дейін қаржыландыру жүргізіледі.
Ал әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтар үшін «Отбасы банк» арқылы 100 млрд теңгеге дейін ипотекалық несиелеу жүзеге аспақ.
Тегтер #бәйтерек холдингі #экономика #өнеркәсіп #тұрғын үй #егін #ауыл шаруашылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz