Қазақстан экономикасы әлемдегі ең ірі елдердің қатарында 36-орында тұр. Рейтинг елдегі өмір сүру деңгейін және халықтың ақшаға не сатып ала алатынын ескере отырып жасалған.
Бұл көрсеткіш елдер арасындағы баға айырмашылығын есепке алып, экономикаларды әділ салыстыруға мүмкіндік береді.
Visual Capitalist дерегіне сәйкес, Қазақстан экономикасы 973 миллиард долларға жеткен. Еліміз тізімде Сингапур мен Румынияның ортасында орналасқан. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланд, Колумбия және Оңтүстік Африка сынды мемлекеттермен қатар тұр. Осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика мәртебесін сақтап отыр.
Бүгінде Қазақстан өндіріс көлемі мен экономикалық белсенділік бойынша көршілес мемлекеттерден көш ілгері. Ал әлемдегі ең ірі экономика Қытайға тиесілі, шамамен - 43,5 триллион доллар. Одан кейінгі орындарда АҚШ пен Үндістан тұр.
Тегтер #экономика #рейтинг #халық #ақша #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz