RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде салықтық тексеру негіздері қысқарды

19.03.2026, 17:26 43

Елде салықтық тексеру мерзімі мен негіздері едәуір қысқартылды.

Бұрын тексеру 12 жағдайда жүргізілсе, енді тек 4 себеп бойынша жүзеге аспақ. Салада цифрлық жүйе енгізілгендіктен құжаттар электронды түрде қабылданып, ақпараттарды беру мерзімі 1 айдан 10 жұмыс күніне дейін қысқарды. Сол сияқты қосымша құн салығын қайтару тәртібі де кеңейтілді. Бұған сәйкес, енді нольдік айналым үлесі кемінде 50 пайызды құраған барлық экспорттаушылар салыққа кеткен шығынан қайтара алады. Сонымен қатар мың жарым айлық есептік көрсеткішке дейін салықтық берешегі бар кәсіпкерлер, кепілсіз, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері арқылы бір жыл ішінде қарыздарын жабуға толық мүмкіндіктері бар.

Сейілжан Ахметов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

"Сонымен қатар 78 дереккөзден мәліметтерді жинақтап, салық төлеушілердің цифрлық профилін қалыптастыратын Smart Data Finance жүйесі енгізілді. Big Data инфрақұрылымын құру және ақпараттық жүйелердің жаңа архитектурасына көшу цифрлық сервистерді одан әрі дамытуға, оның ішінде салық төлеушілер мүддесіне жасанды интеллект құралдарын енгізуге негіз қалайды".

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz