Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы жүк тасымалын үйлестіру үшін жасанды интеллект көмегіне жүгінген абзал.
Премьер-министр Шымкентте өткен үкіметаралық кеңесте интеграцияланған платформа құруды ұсынды. Жалпы, еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтары белгіленген. Жиында Олжас Бектенов осыған қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған үндеуін жеткізді. Әлемдегі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, бірлестік мақсат-міндеттерін бұлжытпай орындап келеді. Оның бірі- одаққа мүше мемлекеттердің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, экономикаларға технологиялық серпін беру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту. «Біз Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерімізбен цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялаудағы білім мен тәжірибе алмасуға дайынбыз», деді Олжас Бектенов. Айта кетейік, 1 қаңтардан бері Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді.
Тегтер #ЕАЭО #жүк тасымалы #ЖИ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz