Циндаода өткен сауда-экономикалық миссияның нәтижесінде қазақстандық компаниялар қытайлық серіктестермен жалпы сомасы 125 млн доллар болатын келісімге қол қойды.
Қазақстан Қытай тарапына агроөнеркәсіп пен терең өңделген өнімдер ұсынды. Әсіресе ұн, май, бал, сүт және кондитерлік тауарлар – әріптестердің тарапынан жоғары қызығушылық тудырған. Ауқымды форум аясында Сауда және интеграция министрі Шаньдун провинциясының бизнес өкілдерімен де келіссөз жүргізді. Ендігі мақсат – жеткізу көлемін арттыру мен келіссөздерді нақты нәтижеге айналдыру, - деді Арман Шаққалиев.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz