RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде пилотсыз тракторлар алқапқа шықты

02.04.2026, 10:29 69

Фермерлер пилотсыз тракторларды алқапқа шығарды. Осылайша, қала ғана емес, ауылдар да цифрлық технология мен жасанды интелектіні жаппай енгзіп жатыр.

Елде сондай-ақ 200-ден аса смарт-ферма бар. Бұлар жер шаруашылығына заманауи сандық технологияларды қолданады. Жалпы «Ақылды ауыл шаруашылығын» дамытып, жасанды интеллекті элементі бар техника мен дрондарды сатып алуға ынталы шаруаларға қолдау бар. 

Шаруа қожалықтары қазірден заман ағымына ілесіп жатыр. Нарықта автопилот орнату қызметіне сұраныс артқан. Кәдімгі бәсеке бар. Өйткені навигация немесе автоматты басқару жүйесі жұмысты жүйелеп, уақытты және отынды 10-20 пайызға үнемдеуге сеп. Мамандар автопилоттың трактор немесе комбайнды тік сызық бойымен жүргізетінін айтады. Сонда алқап толық өңделеді, тұқым мен тыңайтқыш біркелкі себіледі. Бұл өз кезегінде өнімділікті арттыратыны анық. Жүйе орнатылған техникаларды жүргізудің қажеті жоқ. Тек механизатор бақылап отыру керек. Қазір сырттан келетін ауыл шаруашылығы техникаларында автопилот о бастан бар. Ал субсидиямен алынған отандық техникаларға шаруа өзі орнатуы керек. Дегенмен шаруалар мұны шығын емес, мүмкіндік деп қарайды. Қазір мамандар жер тегістеу жүйесін де ұсынып жатыр. Ол әсіресе суармалы аймақтарда кең қолданыста.

Сәндібек Қабыланов, Ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша маман:

- Суармалы егістікте су біркелкі жату керек. Біркелкі таралмаса, егістіктің бір жері жақсы шығуы мүмкін, бір жері шықпауы мүмкін. Дәл осы факторларға біздің дайын шешіміміз бар. Жер тегістеу жүйесі. Қосымша тегістеуіш болады, оған арнайы жүйе орнатылады. Трактор бір жүріп өтеді. Сол кезде диспей картада қай жері биік, қай жері төмен екенін көрсетеді.

АӨК-тің цифрлық картасы жасалды

Қазақстан ЕАЭО аясында агроөнеркәсіп саласын цифрландыруға бет бұрған алғашқы мемлекет. Елде 2027 жылға дейінгі цифрлық трансформация картасы жасақталған. Мал, өсімдік, жер және балық шаруашылықтарының жұмысын жүйелеу бойынша 144 бизнес-процесс бекітілді. Әзірге 700-ге тарта өндіруші сандық технологияларды қолданып жүр. Көрсеткішті еселеу үшін заманауи техника сатып алуға ниет білдірген шаруаларға субсидия беріледі. Басты мақсат – өндірісті автоматтандыру. Ақпараттық жүйелерді интеграциялап, проактивті мемлекеттік қызметтер қатарын арттыру.

Шаруа да көміртегі квотасын ала алады

Шаруалар топырақтағы көміртегін табыс көзіне айналдыра алады. Дамыған елдерде бұл қалыпты үдеріс болғанымен, бізге енді келіп жатыр. Оның өзінде ірі өндіріс ошақтары ғана меңгерген. Экожер қауымдастығы фермерлерді жаңа дағдыға үйрете бастады. Қазір Ақмола өңіріндегі шаруалар жерде жиналған көміртегін өлшеп, оны тауарға айналдырудың жолын игеріп жатыр. Пилоттық жоба жемісін берсе, ел аумағында күшіне енеді. Негізгі мақсат – көміртегі квотасын қолдану. Мамандар процесті цифрландыру, сүйемелдеу және пайда көру туралы кең ақпарат беріп жатыр. Шаруа қожалықтары бұл бастамаға қызығушылық танытып үлгерді. Орталық Азиядағы бірегей жоба климаттық инвестиция үлесін арттыруды көздейді. Естеріңізде болса, Париж келісіміне сәйкес Қазақстан 2030 жылға дейін парниктік газдардың шығарылымын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға азайтуға тиіс.

Ләззат Рамазанова, «Ecojer» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- 200 млн ауыл шаруашылық жеріміз болса, оның мүмкіндіктерін біз қаншалықты қолданып жатырмыз? Бүгінгі уақытта қарапайым қожалықтар одан бір ғана өнімін шығарып алады да, соны нарыққа шығарып сатады. Ал енді көміртегі квоталарын, жаңа деңгей, оны цифрландыруға көмектесіп жатырмыз біз. Осы қадаммен бірге зерттеу және оны сертификаттау, қолайлы бағамен глобалдық нарыққа сату. Қарапайым тілмен айтсақ, қарапайым қожалықтар бүгін өзінің жерінен жер өндіріп жатып, екі түрлі пайда көруге болады. Бұл – жаңа инструмент.

Аграрлық саланы цифрландыру маңызды

Дегенмен елдегі жайылымдар жайлы болмай тұр. Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев бұл ресурс толық пайдаланылмай отырғанын айтады. Өйткені шалғайда инфрақұрылым әлсіз, су көздері жетіспейді. Депутат спутниктік мониторинг, дрондар секілді цифрлық технологиялар енді ғана енгізіліп жатқанын ескертті. Саланы жетілдіре берсек, өнімділікті 10-15% арттырып, су тұтыну көлемін 25%-ға азайтуға мүмкіндік бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz