RU
Толық нұсқаға өту

Сирек металдар өндірісі жүйелі дамытылады

03.04.2026, 15:49 50

Сирек кездесетін металдар өндірісін дамытуға басымдық беріледі.

Үкімет пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы инвесторларға қолайлы жағдай жасамақ. Бастаманың іске асу барысы бүгінгі халықарлық геологиялық форумда айтылды. Үкімет басшысының сөзінше, өткен жылы Қарағандыда "Құйрықтыкөл" ірі кен орны ашылған. Елдегі ең терең өндірістік нысанда сирек металдардың 800 мың тоннаға жуық қоры бар. Енді оларды дұрыс игеру өндіріс үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Олжас Бектенов қазіргі таңда жерасты суларының барлық кен орындарын түгендеу бойынша ауқымды жұмысы басталғанын атап өтті. Мұнымен қоса геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруға да барынша көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Мәселен, қолдау қаржысы 10 есе ұлғайып, алдағы үш жылда шамамен 500 млн долларға жетеді деп жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz