RU
Толық нұсқаға өту

Каспийдің түбімен «жасыл» энергия тасымалданады

09.04.2026, 12:54 29

Сенат энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады. Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан жасыл энергияны өндіру және тасымалдау саласында бірлесіп жұмыс атқармақ.

Бастама ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікке бағытталған. Нәтижесінде энергетикалық жүйелерді біріктіру, "таза" қуат көзін Еуропа аумағына транзиттеуді ұйымдастыру көзделіп отыр. Келісім Қазақстанның саладағы экспорттық әлеуетін әртараптандырады. Сондай-ақ, Қара теңіздегі суасты электр энергия желісі жобасы арқылы Еуропалық Одақтың "жасыл" энергия нарығына шығуға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, заң  жобасы экологиялық таза сутегі мен аммиакты өндіру және тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашпақ. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 

- Қаралған үшжақты келісім елдеріміз арасында жасыл энергетиканы дамыту жолындағы бірлескен жұмысты айқындайды. Оның тиімділігін арттыру үшін тараптар арнайы Басқарушы комитет пен Жұмыс топтарын құруды көздеп отыр. Жалпы, бұл заңды мақұлдау елімізде жаңартылатын энергия саласын дамытуға және осы бағытта өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға өз септігін тигізеді деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz