RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Ресей аграрлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтады

10.04.2026, 21:50 27

Қазақстан мен Ресей арасында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бес айдағы өзара тауар айналымы 4,4 млрд АҚШ долларына жетті. 6 айда сауда көлемі 6,6%-ға артты.

Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ресей Федерациясының сала басшысы Оксана Лутпен кездесуде айтылды. Жиында қос елдің стратегиялық серіктестігі сөз болды. Тараптар агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің екіжақты саудасы, шектеулерді алып тастау, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзитін қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ аграрлық ғылым, білім беру, селекция және тұқым шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға назар аударылды. Оксана Лут екі елдің ғылыми-технологиялық әріптестігін күшейтуді ұсынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz