RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде көлік және логистика саласы қарқынды дамып жатыр

13.04.2026, 13:12 22

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы жалпы өнім көлемі 12,2 трлн теңгені құрады.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында саланың өсімі 12,8 пайызға жетті. Бұл туралы Олжас Бектеновтің бастамасымен өткен кеңесте айтылды. Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдер енгізу және саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша қойылған міндеттердің сапасы мен орындалуына назар аударылды. Көлік министрлігінің дерегі бойынша, өткен жылы автокөлікпен ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жоба жұмыстары аяқталды. Кеңесте транзиттік әлеуетті кешенді дамыту аясында теміржол көлігін дамыту мәселелері де қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 20 пайызға жоғары. Биылғы қаңтар-наурыз айларында транзит тағы 14 пайызға өскен. Ал теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақтау және Құрық порттарын пайдалана отырып тасымалды жандандыра түсу жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды. Осы жылы Ақтау портында су түбін 1,3 млн текше метрге дейін тереңдету жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Ал азаматтық авиация саласында 2028 жылға дейін 11 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген, оған 4 жаңа әуежай, 2 ұшу-қону жолағы, сондай-ақ 5 қаладағы инфрақұрылымдарды жаңғырту жұмыстары кіреді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz