2030 жылға дейін елде локомотивтің тозу деңгейін 45 пайызға дейін төмендету міндет. Қазір вагондарды жаңартуға күш салынып жатыр. Негізгі сұранысты отандық кәсіпорындар қамтиды.
Қос нысан жылына 120 тепловоз бен 100 электровоз шығарады.
Мерей Мұратханқызы, тілші:
- Елдегі локомотивтер бірте-бірте жаңарып жатыр. Ауқымды жұмыс 17 жыл бұрын басталған. Сол тұста вагондардың ескіру деңгейі 80 пайызға дейін барды.
Елдос Тоқбергенов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Локомотивтерді жөндеуді ұйымдастыру департаментінің директоры:
- Қазіргі таңда локомотив паркін жаңарту қорытындысы бойынша процент износамыз 52-ге дейін жетті. Болашақта Кеңес үкіметі кезінде алынған тепловоз, электровоздар жаңартылған кезінде 45 пайызға дейін жетеміз бе деп ойлаймын.
Локомотивтің жаңаруына Астанадағы қос зауыт ықпал етіп келеді. Соның бірі – Орталық Азиядағы бірегей электровоз өндірісі. Мұнда жылына 100 секциясы шығарылады. Тепловоз құрастыру зауыты да ішкі сұранысты қамтып отыр.
Елдос Тоқбергенов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Локомотивтерді жөндеуді ұйымдастыру департаментінің директоры:
- Локомотив құрастыру зауыты әлі толық, шамамен 90 пайызға жапты. Әлі де Қазақстанға жұмыс істейді. Алдағы уақытта 300 локомотивті осы тепловоз құрастыру зауытынан алатын сондай жоспар бар. Қазақстан ғана емес, сыртқы шетелге Моңғолия, Тәжікстан деген сияқты, ең негізгі сатып алушы біз боламыз. Бірақ шетелге сату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек ҚХР-нан 100 жүк және 100 маневрлық локомотив алу келісілді. Жоспардың айтарлық бөлігі орындалған. Еліміз теміржол инфрақұрылымына арналған дайын өнімдер экспортын да жаңғыртып келеді. Отандық кәсіпорындардың бірі рельс бекіткіштері мен темірбетон шпалдарын Орта Азия елдері мен Ресейге экспорттап отыр. Жүргізілген келісімдер аясы кең. Соның арқасында былтырғы сауда 5 млн долларға жуықтаса, биыл 8 млн долларға жетуі керек.
Дінмұхаммед Кузиев, компания президенті:
- Біз Орталық Азияда рельс бекіткіштерінің толық жиынтығын шығаратын жалғыз өндірушіміз. Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade қолдауының арқасында Қырғызстан мен Өзбекстанға тұрақты жеткізілім жолға қойылды. Ресейге де экспорт басталды. Былтыр Иран мен Түрікменстанға сауда-экономикалық миссиямен бардық. Қазір белсенді келіссөздер жүріп жатыр.
Мамандар: «Локомотив пен инфрақұрылымды жаңарту маңызды міндет» дейді. Бұл дайындық коэффициентін арттырып, теміржолмен тасымалданатын жүктің уақытылы жеткізілуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарағойшы, Марат Дихамбаев
Тегтер #локомотив паркі #вагон #кәсіпорын #ҚТЖ #электровоз #локомотив #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz