Елдегі конституциялық реформа халықаралық рейтингтік агенттіктердің басты талқылау тақырыбына айналды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда S&P, Moody’s және Fitch Ratings үлкен үштігі өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы реформалар мен экономикалық көрсеткіштерді талқылады.
Жиында конституциялық өзгерістер, инфляция деңгейі, халық табысының динамикасы және сыртқы тұрақсыздық жағдайындағы экономикалық өсім көздеріне ерекше назар аударылды. Вице-премьердің айтуынша, жаңа Конституцияда тиімді институттар құру, болжамдылық пен сенімді қамтамасыз ету қағидаттары бекітілген. Ал білім беру, ғылым, инновация және адами капиталды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындалған.
Тегтер #реформа #рейтинг #инфляция #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz