RU
Толық нұсқаға өту

7,5 млрд теңгеден аса өсімпұл есептен шығарылды

17.04.2026, 19:19 31

«Таза парақтан бастау» бағдарламасы аясында 17 мың субъекті рақымшылыққа ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, салық төлеушілер қауымдастығының конференциясында мәлімдеді.

Жандос Дүйсенбиевтің айтуынша, ведомствоның мақсаты – құқық бұзушыларды жазалау емес, қателіктерді түзетуге мүмкіндік беру. Сол себепті микро және шағын бизнесте камералық бақылау мен тексерулер жойылды. Жаңа Салық кодексі есеп беру формаларының үштен біріне жуығын қысқартты. Бір миллион теңгеден аспайтын мүлік, жер және көлік салықтары бойынша есептер жойылды. 

Жандос Дүйсембиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті трансформациядан өтіп жатыр. Үкімет мәлімдегендей, біз әрдайым жазалау шараларынан проактивті сервистерге көшеміз. Біздің міндетіміз – салық төлеушілер жіберетін қателіктерді талдап, олардың алдын алу үшін құралдарды енгізу. Яғни алдын ала ескерту сервистерін, жадынамаларды, декларацияларды алдын ала толтыру жүйесін жасау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz