RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Оман инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

24.04.2026, 15:51 30

Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов елге ресми сапармен келген Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті. Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, металлургия, Аграрлық өнеркәсіптік кешен, туризм салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды. Қос тараптың бірлескен портфелінде құны 3 млрд долларды құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларында 1,1 млрд доллар болатын 2 жоба іске қосылды. Қазір кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылу сатысында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz