Астанада «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясы қабылданды.
Маңызды құжатта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы көрініс тапқан. Сондай-ақ БҰҰ-мен серіктестікте өңірлік экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы оң бағаланды.
Инвестициялық платформа құрылады
Елде «QaJET» елдік инвестициялық платформасы құрылады. Бұл энергетика, экология және табиғи ресурстар министрліктері мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім жемісі. Меморандум аясында 2035 жылға дейін кемінде 10 ГВт жаңартылатын энергия көздері қуаттарын іске қосу көзделеді. Бұл үшін 20 млрд доллар инвестиция тартылады. Ал шығарындыларды жыл сайын 20 млн тоннаға азайту жоспарланып отыр.
Өңірлік экосаммитте $2 млрд келісімі жасалды
Инвестиция демекші, өңірлік экологиялық саммит нәтижелі өтті. Жасыл технологиялар көрмесінің алғашқы күндерінде-ақ 2,3 млрд АҚШ долларынан асатын 17 құжатқа қол қойылған. Мамандар бұл жобалардың экономика үшін де маңызы зор дейді. Мәселен, Жамбыл өңірінде қуаты 1 Гвт болатын жел электр стансасы бой көтереді. Қызылорда облысында 70 мВт-тық күн стансасы жасақталады. Батыс Қазақстанда жылына 1,5 млн тонна калий тыңайтқышын өндіретін зауыт іске қосылады. Жамбыл облысында Меркі ГЭС-інің құрылысы басталады. Демек, жаңа жұмыс орындары құрылады. Салық түсімі артады. Энергияны экспорттауға мүмкіндік туады. Ең бастысы, ауаның ластануы азаяды.
Астана
Елдос Абақанов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Үлкен жобалардың бірі Кармед, Теміртаудағы металлургия комбинатының газдандыруға қатысты үлкен жобаның бастамасы айтса болады. Себебі Қарағанды облысы еліміздегі шығып жатқан ауаның шығындыларының, зиянды заттардың 25-30 пайызы осы аймаққа тиесілі болғандықтан, газдандыру арқылы Теміртау аумағын, Қарағанды аумағының экологиясын жақсартуға қатысты жақсы-жақсы шаралар іске асып, алдағы жылдары ауаның сапасын жақсаруына алып келеді деп есептейміз.
Карбондық егіншілік қолға алынады
Саммит аясында ауыл шаруашылығы мәселесі де кенде қалған жоқ. Біздің тарап карбондық жер игеру бастамасын көтерді. Қазір Солтүстік Қазақстан өңірінде Орталық Азиядағы пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Яғни шаруалар көміртегін сатуға қамдануда. Осылайша парниктік газдар шығарындыларын азайтпақ. Сарапшылардың есебінше, халықаралық нарықта топыраққа сіңген көміртегінің бір тоннасы 10 немесе 30 долларға бағаланады. Қазір мұндай тәжірибе АҚШ пен Еуропада бар. Енді Еуразия аумағында енгізу қажет.
Ләззат Рамазанова, "Ecojer" қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
- Біз халықаралық қауымдастық тарапынан өте үлкен қызығушылық байқадық. Әрине мұндай мәселелерді шешуде мұның маңызы зор. Өйткені әдістемелік сүйемелдеу, ғылыми зерттеулер жүргізу және сол ғылыми білімдерді карбонды егіншіліктің үздік тәжірибелерін енгізуде қолдану үшін қолдау қажет. Мен осы саммит алаңдарында өткен пікір алмасу ауыл шаруашылығында карбондық экономика құралдарын неғұрлым белсенді қолдану саясатына тиімді ықпал ететін құрал болады деп сенем.
Карбондық егіншілік қолға алынады
Қазір елде 52 млн га ауыл шаруашылығы жері зерттеліп жатыр. Топырақ құрамындағы көміртегінің көлемі анықталады. Бұл үшін маманданған институт құрылған. Жұмысты жүйелеу мақсатында Германиямен келісім жасалды. Олар 4 жобаны ұсынып отыр. Енді Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында карбондық егіншілікті енгізу қолға алынады.
АСТАНА
Гүлжахан Бимендина, жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзу мемлекеттiк институтының бас директоры:
- Топырақтың құнарлылығын тексеру, оның материнский породаға дейін қазуы, оның тұздану келе жатқанын, бәрін байқап, тексерістің артында алдын ала жоба жасау, ол Қазақстанда да бұрыннан келе жатқан өзіміздің тәжірибеміз. Германияның тәжірибесі бізге ұқсайды екен. Солардың кейбір технологияларын қолданатын болып, келісімге отырдық.
RES 2026 нәтижелі болды
Жалпы Астанадағы өңірлік экосаммит көп қырлы болды. Түркі мемлекеттері ұйымы да біздегі бастаманы жоғары бағалап отыр. Қоршаған орта және экологияға жауапты министрлердің екінші кездесуінің де осы саммит шеңберінде өтуі бекер емес дейді мамандар.
АСТАНА
Мерей Мұқажан, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:
- Бұл тек қана Қазақстан үшін емес, бүкіл өңір үшін өте маңызды. "Жұт жеті ағайынды" дейді ғой қазақтарда, қарамайды шекараға. Мұнда қоршаған орта мәселелерінде Орталық Азия бір күш болып, төтеп беру аса маңызды. Бұған себепкер болған ҚР Президенті Қ. Тоқаев. Ашылу сессиясында да президентіміз баса мән беріп, айтып кетті. Бұл тақырыптар біз үшін де өзекті.
RES 2026 нәтижелі болды
Айтпақшы, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының тараптар конференциясы биылғы күзде Антальяда өтеді. COP 31 іс-шарасының басты тақырыбы "Климаттық қаржыландыру және Париж келісімінің міндеттемелерін орындау". Мамандар Қазақстанда өткен өңірлік экологиялық саммит бастамалары сол жиынның кірісіпесі болғанын айтады.
Экономикамыз қуатты, күндеріңіз шуақты болсын!
Тегтер #бұл нарық #RES 2026 #Өңірлік экологиялық саммит #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz