БЖЗҚ зейнетақы активтерінің бір бөлігі, атап айтқанда 367 миллиард теңгеден астам қаражаттың Таяу Шығыс елдерінің (БАӘ, Катар, Сауд Арабиясы және т.б.) қаржы құралдарына, мемлекеттік бағалы қағаздарына және ірі компанияларының облигацияларына салынған.Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл қадам инвестициялық портфельді әртараптандыру (диверсификация) және тәуекелдерді азайту мақсатында жасалған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражат үнемі айналымда жұмыс істеп,пайда әкелуі керек.Жинақтағы ақша Қазақстанда аумағында ғана емес, шет елдердің сенімді компаниялары мен үкіметтеріне қарызға беріліп, бағалы қағаздарын сатып алуға салынады.
«2026 жылдың басындағы жағдай бойынша зейнетақы қорындағы жалпы ақша (БЖЗҚ-ның жалпы активтері) 25,9 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде шетелдік валютадағы активтер үлесі шамамен 40%-, ал Таяу Шығысқа салынған 367,2 миллиард теңге оның 1,4%-ын ғана құрайды», деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы БЖЗҚ инвестициялары үшін бірнеше бағытта тәуекел тудыруы мүмкін.Ұлттық Банк төрағасының мәлімдемесінше, аймақтағы геосаяси жағдайға (қақтығыстарға) қарамастан, БЖЗҚ активтері негізінен мемлекеттік кепілдігі бар немесе жоғары рейтингті құралдарға салынғандықтан, жинақтардың қауіпсіздігі бақылауда.
Соңғы 12 айда есептелген инвестициялық табыс шамамен 2,5 трлн теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,7 трлн теңге болған еді.БЖЗҚ активтері салынған бұл елдердің басым бөлігінің (әсіресе БАӘ мен Сауд Арабиясы) «инвестициялық рейтингі жоғары. Бұл деген – олардың дефолтқа ұшырау немесе қарызды қайтармай қалу ықтималдығы өте төмен.
Тегтер #БЖЗҚ #зейнетақы #қор нарығы #инвестиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz