RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстан мұнайын енді жасанды интеллект басқарады

28.04.2026, 12:37 44

Қазақстанда мұнай-газ саласына жасанды интеллект (ЖИ) енгізіліп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, цифрлық шешімдер өндірісті оңтайландырып, миллиардтаған қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды "24KZ"

Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бұл технологиялар отын-энергетика кешенінің барлық негізгі бағыттарына енгізілуде. Атап айтқанда, энергетика, мұнай-газ және көмір өнеркәсібі қамтылған. Осы мақсатта халықаралық компаниялар мен IT-әзірлеушілердің қатысуымен арнайы AI-альянс құрылған.

Салада отандық әзірлеушілерді қолдауға да басымдық берілген. Astana Hub резиденттерімен жасанды интеллект шешімдерін сынақтан өткізу және енгізу бойынша меморандумдар жасалған. Қазіргі уақытта 45 жобадан тұратын ЖИ портфелі қалыптасып, оның 10-ы енгізу кезеңіне жақындап отыр.

Жасанды интеллекттің алғашқы нақты қолданылуы мұнай өндіру саласында жүзеге асуда. Ұңғымаларды онлайн режимде бақылайтын зияткерлік жүйе қазірдің өзінде 4 мыңнан астам нысанды қамтыған. Жүйе өндірістік көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде талдап, проблемалы учаскелерді анықтайды, ауытқуларды тіркейді және өндіру көлемін болжайды.

 «Пилоттық енгізу “АО Мунай”, сондай-ақ бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар базасында жүзеге асырылды. Күтілетін нәтиже – ұңғымалардың бос тұру уақытын 20%-ға дейін қысқарту және жылына 1 млрд теңгеге дейін экономикалық тиімділікке қол жеткізу. Бұл жоба жасанды интеллекттің өндіріс тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және мұнай активтерін дәлірек басқаруға нақты құрал бола алатынын көрсетеді, – деді министр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz